Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Депутат Абзал Құспан болашақ құдаларын тексеретінін айтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан балаларының болашақ жарларының отбасын, туыстарына дейін тексеретінін мәлімдеді. Медиа жобалардың біріне берген сұхбатында ол бұрын жар таңдаудың әлдеқайда оңай болғанын айтты.
-Біреудің қызын алып жатсаң бүкіл ауыл біледі. Пәленшенің қызы ма, ойбай ол керемет. Өнегелі отбасы. «Оның тәрбиесі дұрыс» дейді. Бір ауыз сөз жетеді. Бәрінің барғаны бір балабақша. Бір тәрбие. Бір мектеп,- деген Абзал Құспан енді балалары арқылы құда болатын отбасын түгел тексеріп шығататын жасырмады.
Депутат жете білетін отбасылармен құда болуға тырысатынын да айтты. Алайда біреу қыздарын сұрап, құда болу туралы қалжыңдаса қызғанып қалады екен.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



