Басты жаңалықтарБілімВидео
Колледждер Үкіметтің назарынан тыс қалды
Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов осылай дейді. Оның сөзінше, көптеген жұмыс берушілер колледж бітірген жастарды алмайды, жоғары білім алғаны туралы диплом талап етеді. Колледж түлектерінің 70-80 пайызы жұмыс таба алмайды екен. Бұл туралы халық қалаулысы «Оян» бағдарламасында айтты.
Бұл көзқарасты өзгерту керек деген депутат орта арнаулы білім саласы Үкіметтің назарынан тыс қалған. Сондықтан түбегейлі реформа керек. Колледждер арқылы жұмысшы мамандықтарды дайындауға көңіл бөлу керек, дейді мәжілісмен Ерболат Саурықов.
Ж.Ахмет
ФОТО: Ашық дереккөз