Басты жаңалықтарҚоғам

Астанадағы биік үйдегі лифт құлап, бір адам көз жұмды (видео)

Елордадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде  лифт құлап, бір адам қаза тапты. Оқиға бүгін түскен кейін болды. Төтенше оқиғаның болғанын тиісті органдар да растады.

Қазір еңбекті қорғау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал төтенше оқиғаның видеосын тұрғындар әлеуметтік желіге жүктеген.

«Астанада еңбек қауіпсіздігін сақтамау бабына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Лифтіде бірнеше жұмысшы оны жөндеп жатқан. Екеуі жараланып, ауруханаға түсті. Біреу қаза тапты», — деп хабарлайды Астана полициясының баспасөз қызметі.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button