Басты жаңалықтарДенсаулық
Тоғыз айлық сәби ине жұтып қойды

Түркістан облысында тоғыз айлық сәби ине жұтып, ауруханаға түсті. Өңешіне өксік емес, үшкір зат тығылған бөбек өлім аузынан қалыпты. Оның өмірін дәрігерлер сақтап қалған. Шырылдаған нәресте емханаға шұғыл түрде жеткізілген екен. Ақ халаттылар рентгенологиялық тексеру арқылы қауіпті заттың өңеште тұрып қалғанын анықтапты. Дәрігерлер сәбиге титтей де зиян келтірмей тебенді эндоскопиялық әдіс арқылы алып шыққан. Баланың ішкі мүшелеріне зақым келмепті. Қазір сәбидің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



