Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
80 жастағы әже атқа мініп шапты
80 жастағы кейуана әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Қысқаша видео аз уақыттың ішінде 1 млн-ға тарта қаралым жинап, қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әжесінің атқа қарғып мінген сәтін Гүлжан есімді немересі телефонға түсіріп, желіге жүктеген.
Әлеуметтік жұлдызы болған Худий Ханахайқызы Моңғолияда туып өскен. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстанға көшіп келіпті. Кейуана 4 ұл, 11 қызды өмірге әкелген батыр ана. 40-тан аса немересі бар. Әлі күнге дейін қара шаңырақтағы шаруаға араласып, керек кезінде атқа мініп мал қарауға да шығады екен.