АЙМАҚБасты жаңалықтарОралӨҢІРЛЕР

Оралдық шенеуніктер Арысқа бөлінген қаржыны жымқырған

Батыс Қазақстан облысының шенеуніктері Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдік бар. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Д.Бигайдаровтың сөзінше, қазір облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының  лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталған.  Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 млн теңгеден астам сомадағы аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып жымқырған көрінеді.

 

Басқа материалдар

Back to top button