Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістандық сарбаздар туған жерге тілегін жолдады

Түркістан облысынан әскерге аттанған жігіттер туған жерлеріне сәлем жолдады. Бұл туралы Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің инстаграмдағы парақшасына жарияланды. Маңғыстау облысындағы №75488 әскери бөлімінде Отан   алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздар туған жеріне, ата анасына, бауырларына дұғай  сәлем жолдап, жылы сөздерін арнады.

 

«Мен қатардағы жауынгер Бердібек Нұрдәулет Мұсабекұлы Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы әке-шешеме және да ағайын-туысыма, достарыма Ақтау қаласы №75488 әскери бөлімінің атынан сәлем жолдаймын. Мен сіздерді жақсы көрем. Деніміз сау, жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!»

«Мен қатардағы жауынгер Атабайұлы Қуаныш Түркістан облысы Сарыағаш қаласында өз отбасыма және де туған-туыс бауырларыма Ақтау қаласы IV рота жас сарбаздарынан дұғай-дұғай сәлем жолаймын».

«Мен қатардағы жауынгер Айтбек Әділет Ақтау қаласынан Түркістан облысы Шәмші Қалдаяқов ауылындағы ата-анама, туған-туыс бауырларға және достарыма сәлем жолдаймын».

А.Орынғали

Видео ddo_turkestan_oblysy парақшасынан алынды. 

Басқа материалдар

Back to top button