Ұландықтар қорытынды тексерісті аяқтады
ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытындытексерісі аяқталды. Іс-шара 11-16 қарашааралығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығықолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Бір апта ішінде әскери қызметшілер саптық,мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және денешынықтыру дайындықтары бойынша сынақтартапсырды. Сондай-ақ олар жалпыәскерижарғылар мен қорғаныс РХБ пәндеріненбілімдерін көрсетті. Теориялық білім де, практикалық дағдылар да тексерілді.
Әскери қызметшілер атыс дайындығынаннормативтерді «Ақтас» оқу орталығындатапсырды. Онда әскери қызметшілердің штаттыққаруды Макаров тапаншасы мен Калашниковавтоматын игеру бойынша кәсіби дағдыларытексерілді.
Атыс дайындығынан 3 жедел мақсаттағы батальонның әскери қызметшілерінің біріефрейтор Мақсат Байбатыров ерекше назараударды, ол Калашников автоматынан ату кезінде 100-ден 99 ұпай жинады. Мұндай жоғары нәтижеәскери қызметшінің шеберлігін ғана емес, сонымен қатар командирлер белсенді жүргізетінжаттығу процесінің тиімділігін де көрсетеді.
Тексеру қорытындылаумен аяқталды. Өңірлікқолбасшылық комиссиясы қорытынды тексерудіңсәтті аяқталуы жеке құрамның даярлығыныңжоғары деңгейін және қойылған міндеттердіорындауға дайындығын айғақтайтынын атап өтті.
Қорытынды тексерістің басты мақсатыжауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін жәнежеке құрамның дайындық деңгейін анықтауболып табылатынын атап өткен жөн. Оныңнәтижелері бойынша әскери қызметшілер өздерінің сыныптық біліктілігін арттырады, олүшін ақшалай жәрдемақы төленеді.
А. Орынғали