БілімТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жұмысы жанданады

Түркістан облысында жастарды отаншылдыққа баулу, туған жерді құрметтеуге шақыру және оларға рухани жігер беру мақсатында іс-шаралар жанданаады.  Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалық етуімен өткен мәжілісте талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосуға облыстық басқарма басшылары мен онлайн байланыс арқылы аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды елжандылыққа баулу, ұлттық құндылықтарды насихаттау жөніндегі тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру мәселелері пысықталды.
Облыс әкімінің орынбасары жастардың бойына елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық тәрбие мен рухани мұраны дәріптеу – ел болашағы үшін маңызды міндет екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Жиын қорытындысында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақытта ұлттық рухты көтеретін және елдік сананы қалыптастыратын маңызды шаралар тұрақты түрде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button