Мұрат Әбенов: Полицияның бандиттен қандай айырмашылығы қалды? (ВИДЕО)
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Павлодардағы тәртіп сақшылары мен тұрғындар арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды jurnalist.kz.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеодағы бассыздықты назарға алуын сұраған.
«Ішкі істер министрлігін орнына қоятын ешкім жоқ па? Осындай әрекеттер елде басталған реформаларды жоққа шығарады. Президент әкімшілігі жедел түрде шара қабылдаңыздар. Адамдар абдырап, қарулы қақтығысқа сәл-ақ қалды ғой. Бас Прокуратура өз міндеттерін атқарсын».
Естеріңізге салайық, оқиға Береке ауылының маңында болған. Дау-дамайға жергілікті кәсорындардан заңсыз күл мен шлак қалдықтарын шығару себеп болған.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп түсіндірді облыстық филиалдың баспасөз қызметінде.