Басты жаңалықтарҚоғам

Атырауда мәйіттері табылған отбасының үйінің алдына біреу кілт қойып кеткен

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы жұмбақ жағдайда қаза тапқан әулетке қатысты түсініксіз жағдайлар шығып жатыр. Бұл туралы «КТК» арнасының тілшісі Жанар Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасына салды.

Жуырда марқұм ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның, олардың ұлы мен қызы Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның зираты тұрғызылды. Сол күні қаралы шаңыраққа дастархан жайылып, ағайын-туыс, ауылдастар жиналып Құран оқытқан.

Осы басқосуда марқұмдардың жақындары жуырда есік алдына әлдебіреудің кілт тастап кеткенін айтты. Қарындастарының бірі  қаралы үйде майдың иісін шығарып, шелпек, бауырсақ пісіріп келіп-кетіп жүрген. Бір күні келгенде табалдырықта кілт жатқан. Қолындағы кілтте, жерде жатқан кілтте есікті ашқан.

-Соған қарағанда күдікті күйеу баладан бөлек ауылда тағы біреу бар ма,- деп қауіптенеді жақындары.

Еске салайық, Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптының денесі сарайынан, олардың ұлы мен қызының мәйіті Атырау қаласындағы уақытша тұруға арналған баспананың жанынан шықты. Өлтіріп, көміп кеткен. Ал олардың қазасына қатысты күдікті күйеу баласы мен осы үйдің тағы бір қызы Сұлтан мен Ақбаян Индонезияда ұсталып, елге жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button