Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада циркіндегі қойылым кезінде гимнастика шебері құлап қалды

Оқиға 24 желтоқсанда болды. Жаңа жылға арналған қойылым кезінде өнер көрсетіп жатқан гимнастика шебері 3 метр биіктіктен құлап кеткен. Цирк әртісінің құлағанын мекеме басшылығы да растады. Бұл туралы  kazpravda.kz хабарлады.

«Әуе гимнастикасы кезінде әртісіміз биіктіктен құлады. Бірден ауруханаға жеткізілді. Оқыс жағдай демалыс күні болды. Сондықтан дәрігерлер дүйсенбі күні толық тексеру жасайды. Дегенмен, гимнастшымыздың жағдайы жаман емес, өзін жақсы сезінуде. Жарақат алғанымен, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Көп кешікпей ол қызметіне қайта оралады»,- дейді цирк әкімшілігі.

Биіктіктен құлаған гимнастика шебері елордалық цирк ашылғалы еңбек етіп келе жатқан көрінеді.

Оқиғаны залда отырған көрермендердің бірі түсіріп алып, ғаламторға жүктеп жіберген.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button