Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қорытынды тексеріс басталды

11 қарашада ҚР Ұлттық ұланының 6506әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығы қолбасшысының орынбасарыполковник Павел Ситниковтың басшылығымен2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытындытексерісі басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірнеше күн ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атысжәне дене шынықтыру даярлықтары бойыншасынақтар тапсыратын болады. Сонымен қатар,олар жалпыәскери жарғылар мен РХБ қорғаныспәндерінен білімдері мен дағдыларын көрсетеді.Әрбір әскери қызметші тек теорияда ғана емес, практикада да бағаланады.

Бірінші күн саптық бақылаудан басталды,оның барысында өңірлік қолбасшылықкомиссиясы әскери қызметшілердің киім үлгісін,құжаттары мен жабдықтарын тексерді. Саптықбайқаудан кейін әскери қызметшілер саптықдайындық бойынша сынақтарды тапсыруғакірісті. Олар саптық қабылдауларды қозғалыста,орында және қарумен орындады.

Сондайақ, тексеріс барысында «Ақтас» оқуорталығының базасында әскери қызметшілер штаттық қару Макаров тапаншасы менКалашников автоматын меңгеру дағдыларынкөрсетті.

«Қорытынды тексеріс аясындағы жоғарынәтижелер әскери қызметшілерге сыныптықбіліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.Сондықтан әркім жоғары баға алуға ұмтылады, осылайша бүкіл әскери бөлімнің жалпықорытынды бағасына өз үлесін қосады»,- дедіполковник Павел Ситников.

Тексеріс қорытындылаумен аяқталады. Әрбір әскери қызметші мен бөлімше өздерінің дайындық деңгейіне сәйкес тиісті баға алатын болады.

Айта кету керек, әскери қызметшілер жылына екі рет қорытынды тексерістен өтеді, оның негізгі мақсаты жауынгерлік әзірліктің нақты жай-күйін және жеке құрамның дайындық деңгейін анықтау болып табылады.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button