Басты жаңалықтарҚоғам
Әскери қызметшілер енді пойызбен тегін жүреді.

Әскери қызметшілер енді пойызбен тегін жүреді. Тек өздері емес, бұл жеңілдікті күштік құрылымдағы азаматтардың отбасы мүшелері де пайдаланады. Ұлттық ұланның ресми ақпараты бойынша, өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген. Жылына бір рет әскери қызметшілер ел аумағында пойызбен тегін қатынайды. Мақсат, осы саладағы мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, олардың бала-шағасымен сапарға шығуына мүмкіндік жасау дейді ведомство өкілі.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



