Басты жаңалықтар
Қадыр түнінде мешіттер жабық болады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы барша мұсылман қауымын Қадір түнін үйде қарсы алуға шақырды, деп хабарлайды jurnalist.kz.
«Бұл жылы Қадір түні 19-нан 20 мамырға қараған түні болады. Сіздерді қасиетті түнде үйде болуларыңызды сұраймын», — деді бас мүфти онлайн брифингте.
Бұған қоса ол еліміздің эпидемиялогиялық жағдайына байланысты 18 мамырдан бастап барлық мешіттер бірдей ашылмайтынын атап өтті. Сөзінше, қайта ашылған мешіттер 7:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істейді.