БілімТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Төлебиде полиция сыныбы жұмысын бастады

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында аудандардағы жалпы білім беретін мекемелерде «Полиция сыныптары» ашылуда. Осы ретте, бүгін Төлеби ауданындағы П.Тәжібаева атындағы №3 жалпы орта мектебінде Төлеби аудандық полиция бөлімінің «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Сыныпқа полицияда 25 жылғы жуық қызмет еткен, қаза тапқан полицей Бахтыбай Бейсембаевтың есімі берілді.

Салтанатты жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полковник Мақсат Асқаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полковник Бауыржан Зиятаев, мектеп ұжымы, ішкі істер органдары ардагерлері қатысып, өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Бахтыбай Абдукаримулы туралы жылы естеліктерін айтты.

Жастарға патриоттық тәрбие беріп, олардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыруға арналған «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылуына арналған іс-шарада 8-сынып, 11 оқушылары ант беріп «Жас сақшы» қатарына қосылды.

«Жас сақшы» қатарына қосылған оқушыларға полицейдің нысанды киім үлгісі тігіліп, берілді. Ал сынып бөлмесі ел игілігі жолында еңбек еткен полицейге арналған арнайы бұрышпен жабдықталды.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 12-полиция сыныбы Төлеби ауданында ашылды.

Басқа материалдар

Back to top button