Басты жаңалықтарБілім

Төрт қызының шашын тақырлап алып, хиджаб кигізген

Ақтөбедегі мектептерде хиджаб дауы тағы басталды. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Бұған дейін «қызымның басына жара қаптаған соң шашын алып тастадық» деп мектеп басшылығымен дауласып келген ата-аналардың бірі  хиджабтың астындағы құпияны жария етті. (Видео)

АҚТӨБЕ

Көпбалалы ата-ананың осы уақытқа дейін айтып келгенінің бәрі сылтау екенін мектеп басшылығы кеш білген. БАҚ жарияланған материалдан соң дереу құқықтың кеңестің басын қосып, мәселесін жиналыста қарады. Оған бір тоқсан бойы сабаққа орамалмен келген қыздардың ата-аналарының бәрін шақырған. Алайда, тек екеуі ғана төбе көрсетті. Мектеп директоры төрт қызының шашын тықырлап тастаған Марат Садуовтан осы уақытқа дейін неге өтірік сөйлеп келгендерін сұрады.

АБЗАЛ ТӘЖІМІШЕВ, № 60 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:»Сіз орамалды шешпеу үшін балалардың шашын алып тастаған сияқтысыз негізсіз… сіз бізге жара деп айттыңыз, біз сізге сендік бірақ, шын мәнісінде басқа нәрсе.. енді біз осы уақытқа дейін сізге ешқандай шара, ия күш көрсетіп келе жатқан жоқпыз ғой»

Ата-ана жауаптан іркілмеді. Қарашаға дейін уақыт берген жоқсыз ба деп керісінше, мектеп директорына сауал қойды. Сәлден соң, «жара шықты» деп жалған айтқандарын мойындады. Оның да себебі бар екен.

МАРАТ САДУОВ, ОҚУШЫ ҚЫЗДАРДЫҢ ӘКЕСІ:»Биттегеннен кейін алып тастадық. Прямой айта берейік. Сізге прямой керек па? Төрт қызымыз биттегеннен кейін шашын алдық. Ол алған шаш августь емес, сентябрь емес, апрельде алынған шаш. Жара деп айттық, не үшін, бит деп айту ұят болар деп. Айттық, дұрыс па? Қазір шеш десеңіз, қазір шешеді, гамажын шеш десеңіз, оны да шешеді, келістік ғой? Тақыр болса да, қалай бар, солай келеді»

«Сөзіме сенбесеңдер, өздерің көріңдер» деген әкесі үйіне ертіп барды. Қыздарым шашы қысқа болған соң, ұялғаннан орамал тартып жүр деді. Мараттың мектеп жасындағы төрт қызының екеуі бастауыш, қалғандары жоғары сыныпта оқиды.

«Какая разница орамалмен бара ма? Просто анау кішкентай болғаннан кейін адам баласы ұялады. Сіз мысалы қазір сіздің шашыңызды алайықшы, сізге не то болса, сіз уже парикмахерге айқай шығарасыз».

Көпбалалы отбасын көршілері де жамандыққа қимаймыз деп отыр. Қыздарының орамал тартып жүретінін олар да біледі екен. Мұның бәрі уақытша деп сендірді.

АҚМАРАЛ ЖЫЛҚАЙДАРОВА, МАРАТ САДУОВТЫҢ КӨРШІСІ:»Мына көршілерден жамандық көріп жатқан жоқпын. Бұлар анадай мынадай тамақ жеп, ия болмаса үйіне бір сақалды толып жатқан адам, ия қара жамылған адам бір келмейді. Біздер орамал шешеміз дейді, тек бір үш төрт ай уақыт бер».

№ 60 мектепте үш мыңға жуық оқушы білім алып жүр. Жаңа оқу жылында 11 қыз бала орамалмен келіпті. Кейін түсіндіру жұмыстарынан соң екі ата-ана шешуге келіскен. Бүгін өткен құқықтың кеңестің отырысында тағы біреуі райынан қайтты.

АБЗАЛ ТӘЖІМІШЕВ, № 60 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:»Бірінші жаңағы айыппұл салынады, білім саласына уәкілетті органның толтырған хаттамасы бойынша. Сонан кейін ата аналар ол толтырылған хаттаманы заң жүзінде шағымдана ма, қарастыра ма, енді оған жету үшін әрине, мен ойлаймын, өте ұзақ процесс. Оны оған дейін баласының орамал тартқаны үшін ҚР бойынша мұндай прецеденттер, жағдайлар болған жоқ. Сол себепті, ол қалай жүзеге асады, қалай болатындығын айта алмаймын»

Құқықтың кеңестің мүшелері төрт қызының шашын қырып тастаған ата анаға келесі жылдың қаңтар айына дейін уақыт берді. Ал оның әрекеті бала құқығын бұзу болып санала ма жоқ па, оны жауапты орындар әрі қарай анықтайтын болады. Себебі, кеңестің хаттамасы құзырлы органдарға жолданады.

Ақбаян Сұлтанмұратова, Марат Ақажанов, «Басты жаңалықтар»

Басқа материалдар

Back to top button