Басты жаңалықтарБілімҚоғам

Сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті және қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыстық топ бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келген. Күдіктілер әлеуметтік осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді заңсыз жолмен алып, сатып отырған.

— Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті тоқтатылды. Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби тиісті мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас деректердің болуы мүмкіндігі де тексеріліп жатыр, — деп хабарлады полициядан.

А.Орынғали

ФОТО: KAZINFORM

Басқа материалдар

Back to top button