Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

ЖЕТІСАЙ: «ТӘУЕЛСІЗДІК КЕРУЕНІ” АТТЫ ЭСТАФЕТА ӨТТІ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне” орай, еліміздің ең ұлы мерекесін жоғары деңгейде атап өту мақсатында “Тәуелсіздік керуені” атты облыстық эстафета — Жетісай ауданында өтті.

▫️Бұл эстафета 17 аудан, қаланы аралап, еліміздің жасампаз жетістіктерін насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік рухын арттыру, тәуелсіздіктің маңызын ұғындыруды көздейді.

▫️”Тәуелсіздік керуені” эстафетаның мақсаты — Тәуелсіз Қазақстанның 33 жылдық жетістіктерін дәріптеу арқылы жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарды ел дамуына үлес қосуға шабыттандыру, ұлттық рух пен бірлікті нығайту, жастардың — Тәуелсіздікке, елдікке деген сүйіспеншілігін арттыру. Мерекенің мәні мен маңызын ұғындыру, мәртебесін көтеру болып табылады.

Материал turkistan_jastary парақшасынан алынды 

Басқа материалдар

Back to top button