АЙМАҚБасты жаңалықтарЖаңақала ауданыҚоғамӨҢІРЛЕР

  Алтай Көлгіновтен күдер үзген мұғалім Елбасынан көмек сұрайды

Батысқазақстандық мұғалім Руслан Уразалиев облыс орталығындағы алаңға шығып, жергілікті билікке наразылығын білдірді. (видео)

Бірнеше жылдан бері Жаңақала ауданындағы мектепте жұмыс істейтін білім саласының маманы  баспанасыз жүрген көрінеді.Үй кезегіне тіркелген ол,  аудан орталығындағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің заңсыз беріліп жатқанына ашынып отыр.

Баспана тауқыметін тартқан педагог аудан әкімінің қабылдауында да болған.    Одан нәтиже шықпаған соң, әділдік іздеген мұғалім облыс басшысы Алтай Көлгіновке барып базынасын жеткізіпті. Бірақ  аудандағы заңсыздықтарға облыс әкімінің де сөзі өтпеген.

Амалы таусылған жаңақалалық тұрғын наразылығын білдіріп Орал қаласындағы орталық алаңға шығып, Елбасынан көмек сұрады.

-Менің алаңға шыққан себебім, Жаңақала әкімдігі тұрғын үйді заңсыз беріп жатыр. Өзім де, әйелім Динара Рамазанова да баспана кезегінде тұрмыз. Бірақ тұрғын үй біздің кезегімізден кейін тұрған азаматтарға берілуде.  Облыс әкімі Алтай Көлгінов жарты жыл бойы «күте тұрыңыз » деп мәселені созып келеді. Менің басқа амалым қалған жоқ. Бар үмітім Мемлекет басшысында,-дейді Руслан Уразалиев.

Аймақтағы билікке наразылығын алаңға шығып білдірген Русланды жергілікті полиция қызметкерлері алып кетті. Алайда «заң бойынша жалғыз адамның ереуілге шығуына рұқсат етілген емес пе?» деген  сұраққа ішкі істер органының өкілдері жауап бере алмады.

 

youtube.com

Басқа материалдар

Back to top button