Ұландықтар екі есірткі тасымалдаушыны ұстады
Шымкенттеұландықтартүзеумекемесініңаумағынаесірткі тасымалдауға тырысқанер адамдарды ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші оқиға 7 қазанда түнгі сағат 03.00 шамасында болды. Ефрейтор Данияр Ақберген бастаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери жасағы №53 ҚАЖ мекемесінің іргелес аумағын патрульдеу барысында түзеу мекемесінің қоршауынан пакетті лақтыруға тырысқан ер адамды байқады. Не болып жатқанын көріп, әскери қызметшілер ер адамды дереу ұстау туралы шешім қабылдады, содан кейін олар полиция қызметкерлерін одан әрі мән-жайды анықтау үшін шақырды.
Кейінірек белгілі болғандай, сөмкеде белгілі біриісібартыйым салынған зат болған.
Екіншіоқиғакелесікүні 8 қазанда орын алды.Бұлжолықылмыстыашуға«Линда» атты қызметтікиткөмектесті.
ҚАЖ мекемесінің айналасында қызмет атқару барысында патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Абди Исламбек қоршау бойымен жүріп, жан-жағына қарап тұрған күдікті адамды байқады.
— «Түзеу мекемесінің іргелес аумағында жүріп, төрт аяқты досымыз бұталардан күдікті затты тапты. Сыртқы тексеру кезінде зат есірткіге ұқсас болды. Біз байламды бұл азамат тастап кетуі мүмкін деп ойладық және оны дереу ұстау туралы шешім қабылдадық»,-дедіқатардағы жауынгер АбдиИсламбек.
Одан әрі әскери қызметшілер полиция қызметкерлерін шақырды. Олар өз кезегінде тыйым салынған затты одан әрі тергеу үшін тәркіледі.
Айта кету керек, әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында түзеу мекемесінде есірткі заттарының одан әрі таралуын тоқтатып, аса ауыр зардаптардың алдын алу мүмкіндік болды.
А.Нәби