АЙМАҚБасты жаңалықтарВидеоОрал

Ұршықты теріс иірсе, судың бетін қайтара ма? (видео)

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Сәуле Нұрғалиеваның  өзен жағасында жасаған ырымы әлеуметтік желіге тарап кетті.  «Ұршықты теріс иірсе, судың иірімін қайтарады» деген ол ұмыт болған салтты көрсетіп,  тілек тіледі.

Алайда әлеуметтік желіде танымал боған Сәуле апай, өзін кім түсіріп алғанынан бейхабар. «Танымал болу ойымда жоқ, бар ниетім, тасқынның бетін қайтарудың ырымын жасағым келді» дейді.

Ежелгі ғұрыпты жаңғыртқан оралдық тұрғынды танығандар оның бастамасын құптап, түрлі пікірлерін қалдырып жатыр.

Видео Сағынтай Бисенғалиевтің парақшасынан алынды.

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button