АЙМАҚБасты жаңалықтарКазталов ауданыҚоғамӨҢІРЛЕР

Батыс Қазақстан облысында үй өртеніп кетті

Облыстың Казталов ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округінің Әбіш елдімекенінде тұрғын үй өртеніп кетті.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі Ақылбек Сағитовтың айтуынша, оқыс оқиға  газ балонын қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан болған.

Өрт кезінде үй иесі Нәсіпқали Байғазиевтің сол жақ қолын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Отбасында бес бала тәрбиеленуде. Үшеуі мектеп жасында. Отағасы қысқы уақытта от жағушы болып жұмыс істейді. Жұбайы Клара Ермұқанова мектепте кіші қызметкер.

Өрттің жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрады. Үйдің екінші жағындағы көршісінің 30 шаршы метрі аумағы да пайдасыз болып қалған.

-Біз қолымыздан келгенше көмек көрсететін боламыз. Қазіргі күні азық түлікпен қамтамасыз етіп, мектеп жасындағы қызын жазғы лагерге орналастырылды. Бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Тұрғын үйменде көмек көрсететін боламыз. Шаруа қожалық жетекшілері мен жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыру киім кешекпенде қамтамасыз етеміз. Көршісінің тұрғын үйіне де көмек беріледі-дейді Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қайыржан Өмірәлиев.

Басқа материалдар

Back to top button