Басты жаңалықтарСаясат

Елбасы мен Президент дағдарыстан кейінгі елдің дамуы мәселесін талқылады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының алдағы отырысының күн тәртібін және партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын қарастырды. Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады». деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

 

Басқа материалдар

Back to top button