АЙМАҚАқжайық ауданыБасты жаңалықтарТеректі ауданы
Қос ауданның қамданысы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Теректі аудандарының өртке қарсы тиісті құрылымдары оқу-жаттығу шарасын өткізді. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.
Екі ауданның шекаралас елдімекендерінің түйіскен аумағында ұйымдастырылған дайындыққа өртпен күрес бөлімінің, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, өртке қарсы ерікті құрамаларда атсалысты.
Жаттығу жиынында қатысушылар төтенше жағдайдың алдын алу, тиісті құралдар мен техникалардың жай-күйін, оларды қалай қолдану қажеттігін пысықтады.
Сурет zhaikpress.kz сайтынан алынды