Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Полиция көлігінің үстіне ағаш құлады (видео)

Алматыда патрульдік полиция көлігіне ағаш құлады. Тамырымен қоса жұлынған тал темір тұлпардың терезесін шағып, төбесін жапырып жіберіпті. Көлік ішінде екі қызметкер болған. Олар дін аман. Ал, ағаштың құлауы Алматыдағы үздіксіз жауын-шашынның салдары дейді мамандар. Бір аптадан бері қалада жаңбыр жауып, жер жібіп, тал-теректер майысып тұр .

«Оқиға 7 мамырда сағат 11:15-те Алматының Медеу ауданында болды, Абырой болғанда, қызметтік көлікте болған учаскелік инспекторлар зардап шеккен жоқ», деді қалалық полция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button