АймақБасты жаңалықтарҚоғам

Президент Қызылорда облысының әкімін мақтады (ВИДЕО)

Ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болған Ақмешітте маңызды шешімдер қабылданған. Ұлттық құрылтайдың әлқиссасын бастаған Президент шаһардың тарихи маңызына тоқталды.  Бүгінгі Қызылорданың келбеті өзгерген. Әр сала қарқынды дамып, бастамалар оң нәтеже беріп жатыр. Осы орайда, Президент облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың еңбегін атап өтті. Соңғы үш жылда 34 білім беру, 5 мәдениет және спорт нысандары бой көтерген.

-Оған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Облыстың жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі,- деді Мемлекет басшысы.

ФОТО: Ашық дереккөз

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button