Басты жаңалықтарСаясат

Еліміздегі білдей саясаттанушы Қытайдың тыңшысы болуы мүмкін

Саясатанушы Константин Сыроежкин осындай күдікпен қамалды деген кейбір сайттарда ақпарат жариялануда.

1956 жылы Алматыда туып өскен Константин Сыроежкин 2006 жылдан Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Оның қорғаған ғылыми диссертациялары да Қытайдың ішкі-сыртқы саясатына арналған.

Саясаттанушы Сыроежкин көрші елге қандай құпия ақпаратты шығаруы мүмкін? Қытайтанушы, аудармашы- ғалым Қалбан Ынтықанұлында сөзге тартып көрдік. Оның пайымынша, Қытай біздің болашаққа арналған стратегиялық бағдарламаларымызды сұратуы ықтимал.

ҚАЛБАН ЫНТЫҚАНҰЛЫ – АУДАРМАШЫ, ҒАЛЫМ: «Дүниежүзінде Қытайға тыңшылық жасап ұсталып жатқандар көп. 1 мамыр күні Америкада нақты жариялады. Гонгконгта туып өскен Янг деген тыңшы ұсталды. Ол Қытайға Американың қорғаныс саласындағы құпиялықтарды жеткізіп отырған. Қытай барлық елге тыңшысын жібереді. Оларды өздері тәрбиелеп жібереді немесе барған елінен тәрбиелеп жетілдіреді. Қытай енді Қазақстаннан ең көп іздестіретін ақпараты мемлекеттің маңызды стратегиялық бағдарламалары. Қытай әр елден болашаққа арналған стратегиялық бағдараламаларын қарастырады. Солардың кейбірі құпия болуы мүмкін».

Бұл бірінші оқиға емес. Бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Бағлан Майлыбаевта көрші елдердің біріне Қазақстан туралы құпия мәлімет берген деген айыппен ұсталып, сотталды. Ал саясаттанушы Сыроежкин тыңшылық жасады ма? Бұл туралы ақпаратты әзірге бірде бір құзырлы орган ресми түрде растаған жоқ, теріске шығармады да. Ал, бір топ қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығы әлеуметтік желі арқылы Елбасы мен Президентке ашық үндеу жариялап, оның кінәсіз екенін, тарап жатқан ақпараттардың анық-қанығын растауды сұрауда.

 

Басқа материалдар

Back to top button