Басты жаңалықтарҚоғам
Онлайн құрбан шалу үшін арнайы сайт ашылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалуға арналған платформаның іске қосылғанын мәлімдеді. Сайттағы мәлімет бойынша қойдың бағасы — 75 мың теңге. Ал сиыр — 490 мың теңге.
QURBAN2024.KZ сайты арқылы құрбан алуға да өтініш беруге болады.
Онлайн форматта мал сойылғаннан кейін тапсырыс берушіге фото немесе видео арқылы есебі жіберіледі.
ҚМБД-ның ақпараты бойынша, онлайн түрде құрбан шаламын деушілер құрбандық малын таңдап, ақшаны Kaspi QR арқылы аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді екен.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз