Басты жаңалықтарДенсаулық
Қазақстанда 33 мыңнан аса адамға «Спутник V» вакцинасы салынған
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 33 279 адамға екпе салынған. Оның ішінде 15 856 азамат екінші компонентін алған, яғни екінші рет егілген.
Қазақстанда 1 ақпаннан коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Алдымен медицина қызметкерлеріне Ресейде өндірілген «Спутник V» екпесі салынған болатын. Ал өткен айдың соңында Қарағанды фармацевтикалық кешенінен шығарылған препарат аймақтарға жөнелтілді.
1 наурыздан республика бойынша педагогтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне вакцина салынуда.