Басты жаңалықтарҚоғам
Мемлекеттік органдардың көбінде баспасөз қызметінің жұмысы 0.
Kaspi bank-тің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазды. Оның пайымынша, қоғамдағы мемлекеттік органдарға деген наразылықтар басшылардың емес, баспасөз қызметіндегілердің «жауырды жаба тоқитын» қасаң көзқарастарынан туындайды екен. Министрлердің көптеген реформаларының да қоғамнан қолдау таппауы баспасөз хатшыларының жұмысына байланысты, дейді Ербол Азанбек.
Пост авторының мәтіні толығымен төменде.
Ербол Азанбек
1 марта в 16:00
«Мемлекеттік органдардың көбінің баспасөз қызметі жұмысы 0. Мейлі этикаға сай келмесе де айтайын. Қоғаммен байланыс емес, жаппай ерегестің тууына бастықтар емес, баспасөз қызметіндегі менің әріптестерімінің 0-дігі себеп.
Білім және ғылым министрлігіне сауалхат жібергелі 1 аптадан асты жауап жоқ. Кезінде Сағадиевтің бізге БАҚ арқылы қоғаммен байланыс керек емес, өз ресурстарымыз бар дегенін естігем. Бірақ өз ресурстары да қатырмады. Сол қоғаммен байланыс жоқтың кесірінен оның кейбір сәтті реформаларын қоғам қолдамады. Өзі кетсе де, сол ұстаным әлі қалыпты.
Ақмола облысының әкімдігі Акимат Акмолинской области жынды қылғалы 2 апта болды. Өте жедел ақпарат керек болып, облыстық білім басқармасының бастығының ұялы нөміріне хабарластық. Ол көмекшісінің нөмірін берді. Көмекшісі «ертең жауап беремін», деді.
Ертесі «сол жобаға жауапты ЖШС басшысының нөмірін берейін», дейді.
Артынша «ауырып отырмын, кеше не айтқанымды ұмытып қалдым», дейді. Кеше не істегінін ұмытып қалатын адам қалай көмекші болып жүр?
Сосын баспасөз қызметіне сілтеді. Олар «электронды почтамен жібер», деді. Жақсы деп жіберіп, үш күнде хабарласса «енді Еговпен жібер», депті.
2 апта күткен жауап жарты беттен аспайтына, толықтығына күмәнім бар.
Динара Турсунова 7kun.kz сауалхатына қашан жауап бересіздер? Сауалхат облыстағы ІТ шешімдердің сәтті жүзеге асуы туралы болатын. Шын мәнінде сәтті жұмыстар бар. Біз соны көрсеткіміз келген. Телефонмен де беруге болады. Қызметкерлеріңіз тіпті соны тыңдауға да ерінеді. Есінеп тұрып, хат жібер дейді. Облыс әкімінің орынбасары Марат Игали (Marat Igali) фб-да жанын салып, ақпарт беріп отырады. Неге облыс әкімінің баспасөз қызметі сондай емес?
Қашан ашық, жедел ақпарат тарата бастайсыңдар. Сол кезде мемлекеттік бағдарламалар халыққа жетіп, түсіне бастайды. Ал оған дейін Үкіметті он мың ауыстырсаң да ештеме өзгермейді. Халыққа ең бірінші керегі ақпарат! Мемлекеттің талай нәрсе істеп жатқанына күмәнім жоқ. Бірақ, телефонда есінеп тұратын баспасөз хатшылары тұрғанда ол ақпарат қоғамға жетпейді. Кәсіби пиар маманы, бір банктің баспасөз хатшысы, бір ақпарат агенттігінің иесі ретінде айтамын.
Бізге уатсаппен, фб-мен, телефонмен журналист хабарласса егер Алматыда болса өзім редакцияларына барамын. Сұхбат бермесек те мәселені түсіндіреміз. Дәл солай істеуге еш кедергі жоқ».