Басты жаңалықтарБілім
Әріптестеріне ақырған мектеп директорының видеосы тарады

Кабинетінде қарамағындағы қызметкерлерге арыстандай ақырып жатқан басшысының видеосы Ustaz- ýni.kz парақшасына жарияланды.
«Егер директор өзін диктатор сияқты ұстап, үнемі айқайлап сөйлесе, бұл ұжымдағы сенімді әлсіретеді.
«Жақсылық білмейсің, сен! Жұмыс қалды. Не үшін істеп отырсың? ….Жасап отқан ештеңең жоқ»,-деп әлдебір қызметкеріне шүйлігіп, әлдебір жазбалар, ел-жұрттың пікіріне қатысты ұрсып тастады.
Қорқынышпен құрылған тәртіп ұзаққа бармайды.Нағыз көшбасшы дауысын емес, беделін көтереді.Құрметпен сөйлесу, ашық диалог құру және өзара түсіністік — мықты ұжымның негізі.Оқу орны болсын, кез келген мекеме болсын — мәдениет бірінші орында тұруы керек. Директордың қызметкерлерге дауыс көтеруі — әлсіз басқарудың белгісі.Қорқыту арқылы емес, құрмет арқылы нәтижеге жетуге болады.Ұжымда мәдениет пен сыйластық болмаса, жұмыс сапасы да төмендейді.Көшбасшы айқайламайды — ол бағыт береді» деп жазылған бейнежазбасының қасына.
А.Орынғалиұлы



