Басты жаңалықтарМәдениет
Әуежайда айқай шығарған Жұбаныш Жексен істі болып жатыр

Астананың халықаралық әуежайында Жұбаныш Жексенді (құжат бойынша Жұбаныш Тоқсанбаев) көріп қалған бір әйел эстрада жұлдызын телефонына түсіре бастаған. Алайда бейтаныс адамның бұл әрекеті әншіге ұнамай қалған болу керек, Жұбаныш әлгі әйелді боқтап, қолынан телефонды жұлып алған. Зардап шеккен адамның сөзінше, Жұбаныштан ішімдіктің исі бұрқырап тұрған. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлады.
Танымал әншінің дөрекілігін көрген әйел шағым түсірген. Сотта Жұбаныш Жексен қателігін мойындап, кешіріп сұрапты. Әуежайда ол көңіл қошы болмағанын айтып ақталған.
Дегенмен сот әкімшілік жаза тағайындап, 78 640 теңге (20 АЕК) айыппұл салды.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



