Меруерт Түсіпбаева Наурыздың түсіріліміне шақырып, эфирден бермегендерге ренжіді

Елімізге белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева мерекелік бағдарламаға шақырып, эфирден бермегендерге ренішін айтты. «Қара тіміз туралы білсем де айтпай жүр едім» деген әнші эфирге шықпағанына емес, қыруар уақытының кеткеніне қынжылып отыр.
-Зәру емеспін. Түсірмесеңдер, түсірмеңдер. Шақырмасаңдар, шақырмаңдар. Бірақ естеріңізде болсын, сіздер креслодан кеткен күні ешкім есіне де алмайды. Мен есінде қаламын. Тым құрығында Баянауыл ауданының тарихында қаламын… Бүгін теледидардың бастығы бослаң, мәдениетті басқарып отырсаң да, әкім болсаңда, кім болсаң да бір күні тақтан түсесің. Мен ойлап тапқан аксиома емес,-деді Меруерт Түсіпбаева.
Оның сөзінше, телеарнаның қатардағы қызметкерлері оны Наурыз мейрамына арналған түсірілімге шақырып, артынан кешіріп сұрап жазып жіберіпті.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



