Басты жаңалықтарҚоғам

3 мамырда мешіттерде жәрмеңке өтеді

Еліміздегі мешіт қызметкерлері жәрмеңкеге дайындалып жатыр. ҚМДБ су басқан өңірлерге көмек беру үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыруда.  3 мамырда  республиканың барлық орталық мешіттерінде «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді.

Онда кітаптар, қолдан пісірілген тағамдар, түрлі тәттілер, тұрмыстық гигиеналық заттар, киім-кешектер саудаға шығарылады. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады. Сондықтан, ел тұрғындарының жұма күні мешіт маңындағы жәрмеңкеге барып, сауда жасап,  қайырымдылыққа үлес қосуына мүмкіндігі бар.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button