«Жас жұбайлардың жататын төсегі де жоқ» Депутат неге ашынды?
«Келіншегімен жататын төсегі де жоқ»: жастар мәселесін көтерген депутат неге ашынды? Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев жастар саясатын жүзеге асыратын қоғамдық даму министрлігінің назарын ауыл жастарының проблемасына аударды.
«Бүгін біз осындай маңызды мәселені бір сарынмен ғана өткізген сияқтымыз. Мені сұраққа берген жалпылама жауаптардың өзі қанағаттандырмай отыр. Себебі тереңдік жоқ, айтылған мәліметтер бір-бірімен сәйкес келмей жатыр, біразына жазбаша жауап қайтарамыз дедіңіздер. Бұл мәселені дұрыс жолға қою керек», — деді депутат.
Ауыл жастарының проблемасын көтерген депутаттың дерегінше, бүгінде 1 миллион 600 мыңнан астам жастың дені өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар.
«Қазір, бәрін урбанизацияға тіреп қойдық. Урбанизация өзіндік сарынмен жүретін шығар, бірақ онда ауылдардың барлығын түгелдей қалаларға көшіреміз бе? Ауылда кім өмір сүреді онда? Ауылдың бәрін құртып, жаппай қалаға көшкен қай елді көрдіңдер? Ауыл шаруашылығын кім дамытады?», — деп ашуланды Өксікбаев.
Ол ауыл шаруашылығының экспорттық потенциалын дамытатын ауыл жастары екенін атап өтті. Алайда, оның айтуынша, ауыл жастарына ешқандай қолдау жасалып отырған жоқ.
Олқылықтың орнын толтыратын кез келген қадап айтқан мәжілісмен министрлік пен депутаттарды мәселені қолға алуға шақырды.