Басты жаңалықтарҚоғам
Декретке миллионмен шыққандарға тықыр таянды

«Декретке миллионмен» шыққан мыңға жуық әйел миллиардтарды қалтаға басқан. Мәжілісте депутат Үнзила Шапақ жауапты ведомства өкілдерінен әлеуметтік төлемге қатысты алаяқтық фактілерінің қалай тергеліп жатқанын сұрады. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, жүйедегі заңсыздықты анықтау үшін аудит жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі жақын күндері жарияланады. Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары осы уақытқа дейін қитұрқы әрекеттерді ұйымдастырған тұлғаларға қатысты тоғыз қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққанын мәлімдеді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



