Басты жаңалықтарҚоғам

6 жасар бала көпірден құлап, ата-анасының көз алдында қайтыс болды

Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

6 жастағы бүлдіршін көпірден құлап кетіп, мерт болды. Оны құтқармақ болып артынан анасы мен әкесі секіргенімен, қараңғыда мұздай судың ішінен балаларын тірі алып шыға алмаған. Елорда іргесіндегі Көктал ауылының тұрғындары 15 жыл бойы қала мен елді мекенді жалғайтын жалғыз көпірден бейнет көруде. Ол неге жылдар бойы жөнделмеуде?.

«Западный» саяжайында тұратын 6 жастағы Еркін қайғылы оқиға болар күні анасы мен әкесінің қасында келе жатқан екен. Қас қарайған сәтте ойын баласы жүгіремін деп аяғы тайып, өзенге құлаған. Ұлын құтқармақ болып, артынан жүзе білмейтін анасы, кейін әкесі секіреді. Қараңғыда мұздай судың ішінен балаларын тапқанмен жағаға тірі алып шығуға мүмкіндік болмапты.

КҮЛӘН ТЕМІРБЕКОВА , МАРҚҰМНЫҢ ӘЖЕСІ:
«Сүйтіп анау екеуі өліп-талып мына жерде айқайлап жатырмыз дейді. Баланы алдым да дейді, балам айтады. Ой келіп қалды дейді. Жағаға қарай лақтырып жібердім дейді. Қарап тұрғандар көтеріп алар деп. Бірақ баланы ешкім алған жоқ. Көзімді ашып қарасам, балам қарманып жатыр екен дейді судың ішінде. Бар көргенім сол дейді. Содан баладан айрылып қалдық дейді».

Еркіннің денесін құтқарушылар тек ертесі тапқан. Әжесінің айтуынша, мәйіт анасы мен әкесі әбден қарап таба алмаған жерде жатыпты.

КҮЛӘН ТЕМІРБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘЖЕСІ:
«Табылмай қалама деп зар илеп жылап едім, балам судың асында қалып қояма деп, құтқарушылар тауып берді. Дүйсенбі күні жерледік. Енді осындай жағдай.  Осы жердегі адамдардың барлығы осылай өмір сүріп жатыр. Ешкім керек қылмайды. Ең болмаса балалар үшін салып бермейді ма».

Бұған дейін, қала мен саяжайды жалғайтын жалғыз өткелде мұндай қайғылы оқиға болмапты. Тек екі жыл бұрын мектеп оқушысы осы суға құлап кетіпті. Құрмет Жанұзақованың айтуынша, оның қызын сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар құтқарып қалған.

ҚҰРМЕТ ЖАНҰЗАҚОВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:
» Мына ортадан түсіп кеткен тұғын. Мына жетке қарай. Ол кезде мына бетінің бәрі су толып тұрған.  Мына баста бір ер кісі, мына жақта тағы бір адам болып, шығарып алдық. Мен арқасынан ұстап тұрдым.   Содан қорқып қалған қызым, апа мына жерден өте алмаймын деп неғылады енді».

НҰРКЕН ҚАЛИЖАНҰЛЫ, ТІЛШІ:
«Саяжай тұрғындары «қыл көпір» атап кеткен бұл көпірден қызы жазы жандарын шүберекке түйіп жүретінін айтады. Әсіресе таңғы уақытта шық түскенде тайғанақ жолдан бала тұрмақ, үлкен кісінің өзі әрең өтеді екен. Мәселе қанша айтылғанмен, шешімін таппаған. Қас қылғандай, елдің үрейіне үрей қосып, жақында мына темір көпірдің бір бағанын ұстап тұрған мына тросста үзіліп кетіпті».

Адам өлімі тіркелмей тұрып, саяжайдың 100-ден астам тұрғыны әкімдікке ашық тұрған аспалы көпірдің ең болмаса жан-жағын қоршап берсе деп өтініш айтқан екен. Алайда ондағылар саяжай учаскелері арнайы тұрғын үй салуға арналмаған деп қысқа қайырған. Біз түсірілім жасап жүргенде, екі-үш жұмысшы келіп, көпірді темір тормен қоршай бастағанын байқадық.

ЕВГЕНИЙ ПРИМАК, «ЗАПАДНЫЙ» САЯЖАЙ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Көпірді ешкім бұлай салмайды. Ортасына дейін жетіп, көріңіз оның қаншалықты қауіпті екенін көресіз. Әкімдік саяжай үшін арналған жерлер дегенмен, осында 30 шақты үй бар. Оларда тұратын 100-ден астам адам үйлерінде тіркеуге тұрып алған. Көпірді өз қаражатымызбен жөндеу мүмкін емес. Қаланың бас жоспарында келешекте бұл жерге үлкен көпір түсетінін көрдім. Бірақ ол қашан жүзеге асатыны белгісіз».

Ал осыдан он күн бұрын ғана 6 жасқа толған Еркін келесі жылы мектепке баруға дайындалып жүрген екен. Оның оқу құралдарын енді қарындасы Тоғжан алыпты. 4 жастағы бүлдіршін, ойда-жоқта айрылып қалған ағасын қатты сағынып жүр.

ТОҒЖАН МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:
– Мына кітаптар Еркіндікі ма?
-Ия Еркіндікі.
-Енді сен оқып үйреніп жатсың ба?
— 00 49 Ия үйреніп жатырмын, әжем үйретіп жатыр.
-00 24 Сағындың ба?
-мхм
-Қатты сағындың ба?
-Ия, қатты сағындым.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button