Басты жаңалықтарМәдениетСаясат
Қазақстандық жас домбырашылар Ердоғанды таң қалдырды

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Түркия президентіне әуежай терминалында қазақстандық жас өнерпаздар «Домбыра» композициясын орындар, мәртебелі мейманды таң-тамаша қылды. Бұл турады Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жас домбырашылардың өнерін қос елдің басшысы тамашалап, ризашылықтарын білдірді.
Түркия Перзиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен елімізге арнайы ат басын тіреп отыр. Бауырлас елдің басшысы Елордада екі күн аялдап, қос тарап Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Одан соң мәртебелі мейман 15 мамырда Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысады.
ФОТО: akorda.kz





