Қазақстаннан жақсы мамандар жаппай кетіп жатыр
Жыл басынан тоғыз айдың ішінде 30 мыңға жуық адам шетел асып кеткен. Бұл соңғы 10 жылда болмаған рекордтық көрсеткіш. Араларында өзге емес, өзімізге де жетпей жатқан дәрігер, мұғалім мен инженер көп. Бұл туралы «Евразия» арнасы хабарлады.
Қазір қарусыз соғыстың бір түрі — ақылды адамдарға ашық талас жүріп жатыр. Әсіресе АҚШ, Батыс Еуропа елдері біздің ғалымдарға ынтық. Жалақысын өсіреді, үй де береді, күй де сыйлайды. Мысалы Қуат Есенов, Нұржас Мәкішев, Алма Құнанбаева сынды құнды мамандар өзгенің экономикасына жұмыс істеп жатыр.
Осындай шетте жүрген 125 ғалымды 2009 жылы елге қайт деп үгіттедік. Бірақ келгені некен-саяқ. Неліктен өз кәсібіне ғашық мамандар өзге елге кетуге асық?
https://www.youtube.com/watch?v=l32kWqcg8RU
Бақдәулет бағым жанса,
БАҚДӘУЛЕТ, МАГИСТРАНТ: «Мен тапсырғам алдында бір компания ұсыныс берді, Канадада»
Келешекте кетем. Әлімжан әлім келсе Швейцарияда қалам дейді. Мұратжанның мұраты….
МҰРАТЖАН, МАГИСТРАНТ: « Шетелден ұсыныс келсе, кетеміз әрине».
Ұтымды ұсыныс бола қалса, бәрі кетуге дайын. Себебін жігіттер елдегі техникалық саланың көштен кеш келе жатқанымен байланыстырады. «Бізде дейді, креативті идея көп, мүмкіндік аз».
МҰРАТЖАН, МАГИСТРАНТ: «Бүкіл алған инструменттеріміз өзіміздікі, бізде сондықтан практикалық база жоқ. бізде».
Жастарды қойшы, жасы жетпіске жеткен Өмірзақ Қасымовтың да Қазақстанда қалғысы жоқ. Ақылды профессорға арабтардың көзі түсіп отыр. «Жап-жақсы жоба ұсындым. Ұшу аппаратының макеті дайын. 4 адамды 1000 шақырымға дейін әуе арқылы тасымалдай алады. Қондырғы электр қуатымен жүреді. Шығыны аз. Жол кептелісін біршама реттейтін жобаның жолын кесетіндер көп»,- дейді.
ӨМІРЗАҚ ҚАСЫМОВ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
«Осы жобаны біз 1 жылдың ішінде 6 рет бердік. Үкіметтен, білім министрлігінен және всемирный банк дейді содардан қаржы сұрадық. Бесеуінде де белгісіз себептермен бас тартты. Себеп сұрадым, ешкім ашып айтпайды».
Себеп іздеп, небір мықты маман, қолдау іздеп елден кетті.
АРМАН ТОСҚАНБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Менімен кеткен аламдарды алсақ 99 пайызы сол Ресейде қалды, 1-2 пайызы соның ішінде мен ғана қайтып келдік».
Сандарға зер салсақ
« Соңғы 9 айдың өзінде 28 200 адам шетелге түбегейлі қоныс аударған. Соның шамамен 5 мыңы инженер, 2700-ге жуығы экономист, 1700-і мұғалім».
Олардың басым бөлігі,
ӘСЕМ ҚАЙДАРОВА, «ЖАСТАР» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қай елге кетеді деген кезде, көбіне Ресейге, Еуропаға, АҚШ-қа кеткісі келеді».
Салдарынан елде кадр жетіспеушілігі күн тәртібінде тұр.
МӘЛІК МЫРЗАЛИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «У нас в области наблюдается опредлеленный дефицит педагогов».
Неге жақсы мамандар жаппай кетіп жатыр? Басты себептің бірі – төмен жалақы.
ӨМІРЗАҚ ҚАСЫМОВ, ПРОФЕССОР: «Шетелде профессордың айлығы 10 мың еуродан кем емес. Бізде Қазақстанда ++0618 профессордың айлығы жалпы есеппен 78 мың теңге. +0625 қолыма таза 75 мың аламын. Енді ойлаңыз сол 75 мыңға мен қандай жоба жасай аламын?»
Үдере көшудің үлкен себебі, тек материалдық мәселеге байланысты емес, одан бұрын,
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: « Сыбайлас жемқорлық бар, ары қарай идеясын іске асыра алмайды».
Үшіншісі,
РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ: «Қазақ жастарының үштен бірі өзінің болашағын қазақстаннан көрмейді. Отыз пайыздан астамы. Реті болса, ыңғайы келсе, оқуға, жұмыс істеуге алып кету. Қайтадан жетіскеннен емес, адам болғаннан кейін әркім жақсы жағдай іздейді өзіне».
Тілегені алдынан іздемей-ақ табылады. Жылда шетелдіктердің өздері біздің елге келіп үгіт-насихат жүргізеді. Біздерде анадай бар, мынадай бар деп.
АРМАН ТОСҚАНБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Бірінішден, Ресейді алсақ ол жаққа түсу оңай, бірінішден, екіншіден, беретін білімдері озық университеттерде, үшіншіден ол жақта өте жақсы мамандар даярлайды, оларға стипендия грант беріледі, жатақханада орын беріледі, бүкіл жағдайын жасайды».
Сөйтіп еріксіз елітіп, естілерін елден алып кетеді.
ӘСЕМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: «Шетте тәлім алып жүрген қазақ студенттерінң саны өте көп. Солардың бірі — Дамир Темірәліұлы. Дәл қазір біз онымен скайп арқылы байланысқа шығамыз. Ол Швейцарияда тұрады».
Назарбаев университетін қызыл дипломмен бітірген ақылды жігіт әлемнің үздік сегізінші университеті саналатын оқу ордасында тегін тәлім алады. Оған ол жақ ұнап жатыр.
ДАМИР ТЕМІРӘЛІҰЛЫ, МАГИСТР: «Бұл жерде профессорлар мықты, олардың тәжірибесі көп, бұл жердегі оқу орнының системасы басқаша, бұл жерде мүмкіндлік көп, қаржылай жағынан, лабораторияларының оборудованиелері. 0457Болашақта универді екі жылда бітірсем, содан кейін көре жатармыз, мүмкіндік болса, осында біраз қалып жұмыс істеймін деген ойым бар».
Дамир, «жоғары жалақы төлейтін жерде қаламын» дейді. Елге келейін десе, дайын тұрған жұмыс жоқ.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: « Кез-келген жас азаматтың басқа мемлекетке көшіп кетуі бұл әрине экономикаға үлкен зиянын тигізеді. Керісінше кез келген жастарды тарту ол үлкен пайда әсіресе, мамандығы бар. Мысалы америкада мынадай есеп бар. Бір адам келсе шетелден оқып келген адам, +30 мың долларға дейін пайда түсіреді екен жылына. Сонда неғұрлым білікті адамдардың көп келгені амеркикның экономкиасына пайдалы. Және ол сондай арнайы саясат жасады. Өкінішке орай біз ондай саясат жасап жатқан жоқпыз».
Біз қалайық, қаламайық әлемде ақылды адамдар үшін ашық талас бұрын болған, бола да береді. Өйткені, білікті дәрігер, мықты мұғалім, кәсіби инженерлер қай қоғамға, кімге болмасын керек. Бұл тек адами, яки рухани мәселе емес, бұл алдымен экологиялық, экономикалық мәселелерді шешудің алдыңғы шебінде тұр. Өйткені қазір ақылға, білімге, білікке негізделген экономика алға түседі, қара жұмысқа негізделгені артта қалады.
РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ: «Ноухау. жаңа идеялар шын мәнісінде елдің ғылыми инженерлік деңгейін ғана емес, оның экономикалық деңгейін де көрсетіп отыр. Мысалы АҚШ-тың еппл деген компаниясының табысы алып Ресейдің табысынан едәуір асып отыр. Ресейдің табатынын мұнай газ жер аумағы борынша қандай ірі мемлекет бүкіл табиғи байлақтарын қосқанда ноухауға технологияға негізделген бір компаниягның түсіміне де жетпей отыр».
Демек ақылды адамдарға әркімнің ақ бар таласы. Бізге де шеттен келіп жатыр. Соңғы 9 айдың ішінде 11900 адам Қазақстанға көшкен. 990 ы — техникалық сала мамандары, 627- экономист, 537-сі мұғалім. Байқасаңыз, келгеннен кеткені екі есе көп.
Шетелдік мамандардың саны да сапасы да кеткендердің орнын толтыра алмайды.
РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ: «Негізінен бізге келетін еңбек мигранттары. Олардың білімі орташа немесе төмен деңгейде. Ресми есеп бойынша жұмыссыздық деңгейі 6 пайыз,бейресми есеп өз- өзін қамтып жүрген азаматтар 3 млн деп айталады. Бұл шын мәнінде біздің елде жұмыссыздық деңгейі 30-40 пайыз дегендей мәселе. Сол өз азаматтарымызға жұмыс табылмай тұрғанда неге шетелден жұмысшыларды алып келеміз. Оның ішінде тек қара жұмыс емес, шетелге кетіп жатқан, өзімізідің инженерлеріміз өз менеджерлеріміз бар бола тұра сырттан жоғары жалақыға соларды тасимыз. Бұл да үлкен мәселе».
Алдымен кететін балалардың көбі тегін оқу іздеп шет асады. Сол себепті білім саласында оқу гранттарын реттеген жөн. Осы мәселені айтып бізге сұхбат берсін деп, білім және ғылым министрлігіне арнамыздың атынан арнайы хат та жібергенбіз. Бірақ жауап ала алмадық.
Әрине, қыз-жігіттерді шетке шықпайсың деп шектеген дұрыс емес, тек олардың оқып-тоқуына жағдай жасаған жөн.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Қытайда мынадай жоба бар, шетелде жүрген 100 қытайды жылда шақыру керек өзіне. Соларды тәжірибе жинаған, жетістікке жинаған қытайды тартып жатыр қайта».
Мамандардың айтуынша, шетте оқыса да Қазақстанға қайтып келетіндей етуіміз керек. Өзге елде алған білімін өз еліне жұмсасын.Барсын, көрсін, оқысын, тоқысын, бірақ қайтып келсін!
Мысалы, Арман арманын Қазақстанмен байланыстырады. Ресейде тәлім алып, кейін Отанына оралғандағы себебі — кәсіпкерлікті дамыту. Қазір 5 компаниясы бар. Көпке үлгі.
АРМАН ТОСҚАНБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Мен ойлаймын олар қайтып келсе жақсы. Ал егер ол жақта қалып, ол елдің ааматы болып қалса,. Ол жаман, басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дейді».
ӘСЕМ ИЗАТҚЫЗЫ, ӨМІРГҮЛ ЖЕНДЕТХАН, ГҮЛНӘЗИЯ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ, БЕЙБІТ СҰЛТАНБЕК, ББ