Мұхтар Шаханов депутаттарды Ырбигүл мен Жырбибайға теңеді

«Мұхтар Шаханов депутаттарды Ырбигүл мен Жырбибайға теңеді» деп хабарлайды Евразия бірінші телеарнасы

Алуан-алуан депутат бар, Үндеместері бір бөлек. Сонымен, ешқандай депутаттық сауал жолдамайтын, үндемейтін депутаттардың жұмысын бағалайтын механизм бар ма,

«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» К/Ф ҮЗІНДІ
Тілің жоқ па? Бар. Онда неге үндемейсің?

Бүгінгі Парламент депутаттарына да дәл осындай мұғалім керек. Олардың халық қалаулысы деген атағы болғанымен, халықтың қамын ойлап қамығып жатқандары сирек

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Сауат ашу дегеннің атауын құртыңызда, Әліппені бізге қайтарып беріңіз»

Осылай ел мен жердің тағдыры үшін шыр-пыр болғандарды ғана таниды жұрт. Ал Мәжілістегі 107, Сенаттағы 47 депутаттың ішінен көбінің аты-жөні түгіл, түр сипатында білмейді екен.

«Түрін танимын, атын білмеймін».
«Танисызба мына депутаттарды? Жоқ көрмедім»
«Мына кісіні? Жоқ. Телеарнадан көреміз, былай танымаймыз»
« Мына кісіні танымаймын»

Иә, Парламентте үндемейтін, елеусіз депутаттар көп. Бірақ анда-санда аузын ашса, бәрін бүлдіреді олар
АМАНЖАН ЖАМАЛОВ , ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«С таким же успехом он мог, наверное, по состоянию здоровья умереть и дома».

Уақытша тіркеу кезінде пысықсып, пікір білдірмек болған Аманжан Жамалов осы оқиғадан кейін тілшілерді көрсе түксие қарайды.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ , ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Сауал жолдадыңызба депутаттық? Алда жарты айдан артық уақыт бар, жұмыс істеп жатырмыз».

Жұмыстары қауырт олардың. Сағаттап созылған жиналыстарда тып-тыныш отырудың өзі неге тұрады.
1830 ӘБДІМАНАП БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: « Бұл депутат болуда көп нәрсені үйрендік».

1994 жылдан бері Қазақстан Парламентіне былтыр 6-шы шақырылымның депутаттары сайланды. Осы уақыт ішінде заң шығарушы органға кімдер келіп, кімдер кетпеді. Экс- депутат, ақын Мұхтар Шаханов бүгінгі парламентариге былай баға береді

МҰХТАР ШАХАНОВ , ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ:
«Рухсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай,
Ондайлардың бүгінгі аты, Ырбигүл мен Жырбибай
Өкінішке орай депутаттардың көпшілігі Ырбигүл мен Жырбибайға айнналып кетті»
«Кто не работает, тот ест. Учись студент!»

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ: «Дәл осы фильмдегідей, бізде де ешқандай депутаттық сауал жолдап, халықтың өзегін өртеген мәселе көтермесе де депутаттардың тамағы тоқ, көйлегі көк. Баспана, қызметтік көлік керек пе, мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Тек тынбай жұмыс істеп, дұрыс заң шығарса болды. Бірақ бізде үндемеген депутаттар ұзақ жүреді»

Бірақ кейбір сенаторлардың пайымы басқа. Депутат депутаттың көзін шұқымайды деп, қанатты сөзді бұрмалауға тура келеді.

АСХАТ КҮЗЕКОВ , ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ
«Депутат дегеннің бәрі айқайлап жүрмейді. Депутаттарда әр түрлі , оларда адам ғой»
БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА , ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Мен олай айта алмаймын, себебі, Сенаттағы депутаттардың барлығы белсенді. Әрбір депутаттың өзінің сайты бар. Қай жерде не деп айтып жатыр, қай жерде қандай пікірді ортаға салды».

Ал кандидат кезінде уәдені үйіп-түгіп, каникулға келгенде халықпен кездескенсіп, бірақ артынан зым-зия болатын депутаттарға өңірлердегі ел-жұрттың өкпесі қара-қазандай.

«Олар бізбен интересовать етіп жатырма. Олар отыр. Ақшаларын алады».
«Өздерінің шаруасын істеп жүрген адамдар ғой».
«Тұрған кезде депутаттар бәрін сөйтеміз, бүйтеміз дейді. Істеп жатқан ештеңесі жоқ.Квартплата, нанымыз, дәріміз бәрі қымбаттап кетті».

Депутаттар жер, үштілділік мәселелеріне келгенде үн қатпаса да, Астананың атын ауыстырамыз деген бастамаға тамақтары қарлыққанша сөйледі.

МҰХТАР ШАХАНОВ , ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ: « Өткенде депутаттар бірінен соң бірі шығып, таласа-тармаса Астанаға Елбасының есімін берейік деді. Елбасы бірақ қарсы шықты. Сол жағынан алғанда бізде туфли жалауға ыңғайлы депутаттар өте көп. Сондықтан олар туфли жалаудың шебері болғандықтан оларға да құрметпен қарау керек деп есептеймін».

Ал мына халық қалаулысының ненің шебері екені белгісіз, елеусіздеу жүрген депутат аты-жөнінде айтқысы келмей әуреге салды бізді.

ФАХРИДДИН ҚАРАТАЕВ , ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: « Аты жөніңізді айтып кетіңізші аға, кешіріңіз танымайды екенмін? -Жоқ сіздер мына мәселе бойынша міндеті түрде бірімізді шұқылап,бұлай неғып тұрудың қажеті де жоқ шығар.-Шұқылап тұрған жоқпыз, аға біз сізге сұрақ қойып тұрмыз».

Осы айдың соңында тағы да сайлау. Сенат депутаттары таңдалады. Бірақ сайлаушылар халыққа жақын депутаттарды іздейді, соларға сенім артады. Ал үндемей келіп, үндемей кететін депутаттарды бағалайтын, жазалайтын әзірге механизм болмай тұр.

«Амангелді Айталы кезінде болды депутат. пікрлері қазақтың қаны, жаны ретінде. Мұхтар Тінекеев Қарағандынікі, ылғи пікірлерін айтып жүретін». «
«Бұрынғы Ғани Қасымов, қазіргі Бекболат Тілеухан»
« Сабильяновты білем».
«Олардың маған керегі не?»

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*