5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейнеүндеуінде Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді, — деді Президент.
Мемлкет басшысының айтуынша, Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Сондай-ақ, үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтайтып, Мәслихаттардың ықпалын арттыратынын атап өтті.
Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді,
Фото: Ашық дереккөз