Басты жаңалықтар

Қазақстан Президенті Түркияға сапарлап бармақ

Бұл туралы Түркия президенті мәлімдеді. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдаған  Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевтың  алдағы уақытта түрік еліне жоспарланған сапары аясында бірқатар экономикалық келісімшартқа қол қойылатынын атап өтті. Негізінен көлік, ауылшаруашылығы, кіші және орта бизнес пен туризм салаларында ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге ниет танытып отыр.

Екіжақты кездесуде сыртқы істер ведомство жетекшісі Түркия президентіне Елбасының сәлемін жеткізді. Басқосуда халықаралық және аймақтағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Қос мемлекет Шам еліндегі шиеленісті шешуде Астана процесінің рөлін бірауыздан жоғары бағалайтынын айтып, бұл бағыттағы келелі келіссөз жалғаса береді деп сендірді. Сондай-ақ Қайрат Әбдірахманов Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Исмайыл Кахраманмен де кездесті. Отырыста тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Сыртқы істер министрі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына және еліміздің халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін түрік үкіметі мен мәжіліс төрағасына алғысын білдірді.

Ақпарат 24.kz сайтынан алынды.

 

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button