Басты жаңалықтарДенсаулық

Беларусь наурыз айының соңында «Спутник V» вакцинасын шығаруды бастайды

Қазір Ресейде өндіріс жұмыстары бойынша алғашқы сынақ қорытындысының сараптамасы жасалуда. Бұл туралы Беларусь Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Дмитрий Чередниченко мәлімдеді.

Ақпан айының соңында вакцинаның 15 мың шыны ыдыстағы (ампула) алғашқы партиясы өндірілген. Препараттың сапасы, тиімділігі қазір Гамалеи атындағы институтта сараптамадан өткізіліп жатыр. Егер мамандар мақұлдаса наурыз айының 30, 31-інен өндіріс жұмыстары басталады. Ай сайын 500 мың доза вакцина шығаруды жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Back to top button