Басты жаңалықтарМәдениет

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ КЕЛІНШЕК ЖІГІТТЕРДІ ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ (видео)

Маңғыстаулық көпбалалы ана 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтеріп, әлеуметтік желінің жұлдызы болды.

Қарақия ауданы Сенек ауылында Наурыз мейрамы аясында ұлттық спорт түрлері бойынша сайыс ұйымдастырылған. Бұл шараға іргелес елдімекендерден де қонақтар келген. Гір тасын көтеру сайысында Құланды ауылының тұрғыны көпбалалы ана Мақпал Қаржаубаева 20 мәрте көтеріп, жұртты таңқалдырды.
Осы видео жарияланған сәттен оның астында әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.  Арасында жұлдыз келіншектің қайын жұрты да руларын айтып, марқайып жатқаны байқалады. Мақпал Қаржаубаева перзенттерін де спортқа баулитын көрінеді. Оның балалары — дзюдодан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері екен.

ФОТО:Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button