Басты жаңалықтарҚоғам

Шымкенттің экс-әкімі екі баласы бар келіншекті зар еңіретті

Шымкент тұрғыны Әлия Байділдаева   қаланың бұрынғы әкімінің үстінен арыз айтып, бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады.

Жас келіншек Рахат Әлиевтің туысы, Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлының тарапынан  қысым көріп жатқанын жариялады.

17 жасында зорланған Әлия Байділдаеваның қазір  Өмірзақ Әметұлынан екі баласы бар екен. Біреуі сал ауруына шалдыққан. Алайда, экс-әкім қос жеткіншекті балалар үйіне тапсырып, Әлияның өз жолымен кеткенін қалаған.

Ал 2014 жылы күйеуінің жас келіншектен баласы бар екенін білген экс-әкімнің бәйбішесі Әлияға түрлі қысым көрсетіп, тіпті жатақханаға қамап ұстап қорлаған.

Амалы таусылған Әлия Байділдаева қалың елден көмек сұрап, әділдік боларына сеніммен қарайды.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=15&v=5xMTOOeXbeA

Басқа материалдар

Back to top button