Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Бейбір Қорғаннан жүкті болдым деген қыздың өтірігі әшкере болды

Нұргүл Зиханова есімді атыраулық тұрғын былтыр күзде КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында  Бейбіт Қорғаннан бала көтердім, елді елең еткізген еді.  Осы оқиғадан соң эстрада жұлдызы өзіне тағылған айыппен келіспей, ДНҚ тапсырған еді.

Жуырда соның қорытындысы шығып, оны әншінің адвокаты Орынгүл Ұзаққалиева видеоүндеу арқылы жалпақ жұртқа жария етті.  Нұргүл Зиханованың баласы Бейбіт Қорғаннан емес екен.

Әншінің адвокатының сөзінше, Бейбіт Қорған енді   «Астарлы ақиқат» бағдарламасында оның ар-намысына тиетін сөздер айтқандарды заң жүзінде жазалау үшін сотқа жүгінбек.

 

ФОТО: Ашық дереккөзден

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button