Басты жаңалықтарҚоғам

Түркістан облысында екі ауылды су басты

Тағы бірнеше ауылға су тасқыны қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Қазақпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1-мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекенде орналасқан коллекторларға су толған. Салдарынан Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кеткен. «Сондай-ақ облыстық мәндегі «Мырзакент — Жеңіс — Жаңа тұрмыс» тасжолын су шайып кеткен. Көлікпен жүру мүмкін емес», делінген, аймақтық ақпарат көздерінде. Қазіргі таңда апаттан құтқару шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанда «Сардоба» су қоймасының бөгеті жырылып, елді мекендер, коммуникациялық желілер мен егістіктерге зақым келген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button