Басты жаңалықтар
«Қалаулымда» алғашқы той!
Бағдарламаға қатысушы Сейсенбек аға Ләззат ханымға үйленді. Бұл туралы «Евразия» арнасынан жобаның бүгінгі шығаралымында көрсетті.
Жасы егде тартқан азаматтың осыдан бірнеше жыл бұрын жұбайы қайтыс болған. Жамбыл облысынан «Қалаулым» жобасына келіп өзіне жар іздеген Сейсенбек аға осыған дейін Мәдина және Мира деген қатысушылармен танысқан еді. Бірақ, бірінің мінезі келіспеді, екіншісінің балалары қарсы болды.
Ал Ләззат апай биыл зейнетке шыққан, бұрын аспазшы болып жұмыс істепті. Күйеуі қайтыс болған, екі ұлы, бір қызы бар. Өзі кіші баласы мен келінінің қолында тұрады.
https://www.youtube.com/watch?v=AO7CPtCnrzM
Бағдарламаның бүгінгі шығарылымы осы жұптың тойына арналды. Мұның алдында көрермендердің шағымына байланысты Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жобаға қатысты тексеріс шараларын жүргізетінін айтқан болатын.