Басты жаңалықтарҚоғам

Ораза айт намазы сағат нешеде басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Ораза айт намазының еліміз бойынша  кестесін жариялады.

20 наурыз күні Алматы, Алматы обл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында айт намазы сағат 07:00-де оқылады

Астана, Шымкент, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының тұрғындары   мерекелік намазға сағат 07:15-де жиналады.

Қостанай, Қызылорда облыстары және Ұлытау облысында айт намазы сағат 07:30-де басталады.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары мешітке сағат 08:30-де барады.

А.Орынғали

ФОТО: muftyat.kz

Басқа материалдар

Back to top button